82

сервис

Балалардың білімі мен дамуына арналған цифрлық көрсетілетін қызметтердің порталы

img Нұр-Сұлтан қ. Нажмите на кнопку, чтобы изменить город

сіз ойлағаннан әлдеқайда оңай

img img img

Құрметті ата-аналар, педагогтер,
және еліміздің жас азаматтары!

Digital Everest заңгерлерінің, дизайнерлері мен бағдарламашыларының шығармашылық командасы сіздер үшін ED24.kz порталын жасады. Бұл жерде біз балалармен және олардың білімімен, мәдениетімен және спортпен байланысты сервистерді жинап, бір жүйеге келтірдік. Балабақшаға қабылдаудан бастап білім беру ұйымына жұмысқа орналасуға дейін.

Біз туралы - қысқаша. Digital Everest — қазақстандық холдингтің бөлігі. Біз заң консалтингімен және процестерді автоматтандырумен айналысамыз. Заңдарды жасауға, реформаларды өткізуге көмектесеміз, бағдарламаларды жазамыз: digital-everest.com

Тағы көрсету
Сол себепті біздің заңгерлер бірнеше жылдан бері блогты тегін жүргізеді

Біз ата-аналарды заңнамадағы өзгерістермен таныстырып, алуан түрлі заң мәселелерін түсіндіреміз.

Біз де сіздер секілді EGOV порталын және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді пайдаланамыз. Және EGOV және ХҚКО Қазақстанның ең маңызды өнертабыстарының бірі деп санаймыз. Алайда біз, бейінді мамандар ретінде көптеген проблемаларды да көріп жүрміз:

ХҚКО қызметкерлерінің төмен біліктілігі

EGOV порталының қателіктері және қатып қалуы

Автоматтандырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің заңнаманың талаптарына сәйкес келмеуі

Балалар саласындағы заңнаманың ауқымды және алуан түрлі болғаны соншалықты, қарапайым ата-ана, мектеп оқушысы және педагог өзінің құқықтары, міндеттері мен мүмкіндіктері туралы ақпаратты таппай қалуы да мүмкін. Бұл ретте, балалар сервистерінің саласы мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен шектелмейді. Балабақшалардың тізімдері, мектептер мен колледждердің, оқушылар сарайларының, үйірмелер мен секциялардың тізімдері, ұсыныстар және пікірлер, сондай-ақ көптеген басқа дүниелер - бұл әкімдіктердің, білім, мәдениет және спорт басқармалары мен бөлімдерінің құзыретіне жатады

Бұның барлығымен қалай танысуға болады?

ED24.kz — бұл құрылымы айқын айдарлар тізімі. Порталымыздың мазмұнымен танысып, қамқорлықтың қандай түрлері бар және оларды қалай ресімдеуге болады, мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған қызметтер мен сервистер, көрсетілетін қызметтерді алу үшін қандай құжаттар қажет болуы мүмкін және тағы да басқа ақпарат жайында хабардар бола аласыздар.

Біздің портал бүкіл Қазақстан бойынша жұмыс жасайды. Бұл жерде біз әкімдіктеріңіздің ақпараттық жүйелеріне сілтемелерді жинадық. Ал егер өңіріңізде қандай да бір жүйелер болмаса, EGOV порталына тиісті сілтемелерді көрсеттік

Өкінішке орай, еліміздің кейбір өңірлерінде цифрлық сервистерге толық көлемде қол жеткізуге мүмкіндік жоқ. Ал жұмыс істейтін сервистердің сапасы өте нашар немесе азаматтардың құқықтарын бұзады, біз тіпті оларға сілтеме де бермейміз. Алайда тіпті осы жағдайдың өзінде ED24.kz құқықтарыңыз бен мүмкіндіктеріңіздің анықтамалығы ретінде сізге берер пайдасы мол болады

Оның үстіне, бұл басы ғана! Болашақта біз порталдың әрбір бөлімін ресми нормативтік құжаттарға сілтемелермен байланыстырамыз, сіздің және балаларыңыздың өмірін реттейтін заңдар мен бұйрықтар. Бұдан бөлек, bilim_webline заңгерлеріміздің жұмыс қорытындысы бойынша білім дерекқорын жасаймыз

ED24.kz іске қосылғаннан кейін ..... қандай мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бар және олар қалай көрсетіледі ..... электрондық үкімет дегеніміз не, ..... қалаңызда қандай балабақшалар мен даму орталықтары бар, ..... баланы балабақшаның кезегіне қалай қоюға болады, ..... мектепке қалай түсуге болады, .....білім ұйымымен қалай шарт жасасуға болады, ..... балаларға арналған қандай үйірмелер мен секциялар бар, ..... балабақша кезегіңіз қаншалықты жылжыды, ..... ерекше балаларға арналған қандай сервистер бар, ..... балаға қамқорлық пен қорғаншылықты қалай белгілеуге болады, .....колледжге, техникумға қалай оқуға түсуге және жатақхананы қалай алуға болады, ..... балабақшаға, мектепке, оқушылар сарайына, шығармашылық немесе музыкалық академияға, колледжге қалай жұмысқа орналасуға болады деген сұрақтарыңыз

және балалардың білімі және дамуы саласынан 1001 сұрақ жауапсыз қалмайды деп үміттенеміз.

Егер порталды дамыту жөнінде ұсыныстарыңыз болса, бізге жазылған әрбір хатқа қуанышты боламыз

Және ең соңында! Біз өз елімізді сүйеміз және балаларымыздың табысты болуы ең алдымен ата-аналарға байланысты болады деп санаймыз! Әсіресе сауатты, білімді және есті ата-аналарға! "Диванда жатып алып", басқа біреулерді сынауды жақсы көретін және тым "ақылды" сұрақтарды қоятын ата-аналар емес, ал ақпаратты өзі іздеп, оқып, мақалаларға талдау жасай алатын ата-аналарға!

Сондықтан біз сындарлы сұхбатқа алғысымыз шексіз, әсіресе парақшаларында bilim_webline.

Ал енді осының барлығын соңына дейін оқығандар болса, бізге өздеріңіз туралы ақпаратты жіберулеріңізді сұраймыз: қай қалада тұрасыз, кім болып жұмыс істейсіз, неше балаңыз бар, олардың жасы нешеде, олар қандай үйірмелерге қатысады, оларды қалай дамытасыз, қандай қиындықтар және қауіптер бар?Жуырда біз өте қызықты өнімдерді іске қосамыз - олар жөнінде ең алдымен сіздерге хабарласамыз. Тіпті тартымды шарттарды, бонустар мен жеңілдіктерді ұсынамыз